Өзбекстан Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Женева қаласында өтіп жатқан Парламентаралық одақтың (ПО) 149-ассамблеясында одақ төрайымы Тулия Эксонмен кездесті.
Парламенттің жоғарғы палатасының хабарлауынша, кездесуде Өзбекстанда өтетін 150-ассамблеяның бағдарламасын, іс-шараға қатысты жоспарлар мен жаңа жобаларды талқылады.
«Кездесу барысында соңғы жылдардағы елдегі экономикалық даму, әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдірілуі және адам құқықтарының басымдығын қамтамасыз етуге бағытталған реформалар Тулия Эксон тарапынан ерекше атап өтілді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Тұрақты даму мақсаттарына қатысты жұмыс және бұл бағытта Өзбекстан парламенті тарапынан атқарылып жатқан шаралар жайында сөз атылған.