Ташкентте өтіп жатқан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммиті аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азияның өнеркәсіптік ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісім күшіне енді.
Құжатқа Өзбекстаннан Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Қудратов және Қазақстаннан Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қол қойды.
Орталыққа мемлекетаралық кооперация мен халықаралық құн тізбегін дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, шекаралас өңірдің өндірістік базасын пайдалану тиімділігін арттыру, өндірістік үдерісті үйлестіру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғырту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, екі ел арасында өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту және импортты алмастыратын өнімдерді дамыту сияқты маңызды міндеттер жүктелді.
ӨзА