Өзбекстанда халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлайтын орталық ашылады
Бүгінде Өзбекстанда кедейлікті қысқарту және халықты жұмыспен қамтуда сыртқы еңбек нарығының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Кедейлікті қысқарту және жұмыспен қамту министрінің орынбасары Алишер Муратов Сауд Арабиясының «CDOT Partners» компаниясының басшысы Файсал Әл-Дәудпен кездесті.
Кездесуде кәсіптік білім беруді дамыту, халықаралық стандарттар негізінде мамандар даярлау және өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар ынтымақтастық және инвестициялар туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында авиация, энергетика және құрылыс салаларына мамандар даярлайтын заманауи оқу орталығын құру, кәсіби құзыреттерді бағалау және халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу жоспарланған.

Атап өтілгендей, бұл ынтымақтастық білікті кадрлар даярлауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және азаматтардың халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.