Новак Джокович ATP Masters жеңімпазы атанды
Цинциннатиде өткен ATP Masters финалында дәл қазіргі кездегі әлемнің ең мықты екі теннисшісі Карлос Алькарас пен Новак Джокович өзара кездесті.
3 сағат 50 минутқа созылған драмалық кездесудің қорытындысы бойынша тәжірибелі Джокович 5/7, 7/6(7), 7/6(4) есебімен жеңіске жетіп, бас жүлде иегері атанды.
Теннисшілер арасындағы өзара кездесулерде де есеп тепе-теңдігі қалпына келтірілді – 2:2. Бұған дейінгі ең кейінгі кездесу Уимблдон финалы болып, онда испандық жас ракеткашы жеңісті тойлаған еді.
Western & Southern турниріне сәтті қатысқан Новак Джоковичке 1000 рейтингтік ұпай және 1 019 335 доллар сыйақы берді.