Нидерландыда белгісіз біреулер мешітті өртеп жіберді
Нидерландының Эйндховен қаласы маңындағы Велдховен қоғамдастығындағы мешітті белгісіз біреулер өртеп жіберді.
NOS телеарнасының хабарлауынша, өрт сөндіру қызметі өртті сөндіруге бір сағат уақыт кеткенін айтқан.
Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 02:30 шамасында шығып, ғимарат қатты зақымданған. Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Басылым дерегінше, маусым айында «İslamplanning» мешіті Вельдховенге көшірілген болып, бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған.