Үндістанда табиғи апат салдарынан 50 адам қаза тапты
Үндістанның солтүстігі мен шығысында муссондық жаңбыр салдарынан туындаған су тасқыны мен көшкіннен 50 адам қаза тапты.
Reuters-тің хабарлауынша, табиғи апаттар негізінен Уттаракханд, Джаркханд және Одиша штаттарында байқалған.
Бұдан бөлек Уттаракхандта тағы 13 үндістандық із-түзсіз жоғалған. Одишада аймақтың 800 мың тұрғыны баспанасыз босқынға айналды. Сондай-ақ, штатта электр қуаты мен су құбырын үзіліп, жолдар бүлінген.