Наманганда «OFF ROAD» халықаралық турнирі өтті
Фоторепортаж
Наманган облысы «Косонсой» ауданының таулы аймағында орналасқан «Savanna» туризм және спорт кешенінде алғаш рет автокросс бойынша «OFF ROAD» халықаралық турнирі өтті.
Бұл жарыс 2016 жылғы 2 желтоқсанда қабылданған Президенттің «Өзбекстан Республикасында туризм саласын жедел дамыту шаралары туралы» жарлығы негізінде ұйымдастырылып, Наманган облысының туризм басқармасы, «Savanna» туризм компаниясы және «Косонсой» ауданы әкімдігі тарапынан бірлесіп ұйымдастырылды.
[gallery-23184]
Аталған додада Наманган, Әндіжан, Ферғана, Ташкент облыстары мен Қарақалпақстан Республикасы, сондай-ақ Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясынан келген 50-ден астам спорт клубы 60-тан астам заманауи техникасымен қатысып, өзара бақ сынады.
Жарыс ережесіне сәйкес, 40+5 минут ішінде үш бағыт бойынша белгіленген межені бағындырып, жоғары нәтиже көрсеткен белсенді қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер ретінде ұйымдастырушылар тарапынан лайықты түрде марапатталды.
суреттерді түсірген О.Дадабоев, ӨзА