Наманганда өтіп жатқан 64-халықаралық «Гүлдер фестивалі» аясында шетелдік мәртебелі делегациялардың сапары жалғасуда.
Атап айтқанда, Жапонияның Фукуока префектурасына қарасты Дайзаифу қаласының мэрі Кусуда Даизо Наманган облысының әкімі Шавкат Абдураззоқовпен кездесті.

Ізгі рухта өткен сұхбат кезінде тараптар Наманган облысы мен Дайзаифу қаласы арасындағы байланыс перспективаларын талқылап, өзара ақпарат алмасты. Халық саны шамамен 70 мың болатын Дайзаифу қаласына жыл сайын 10 миллионға дейін турист келетіндігі туризм саласындағы тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беретінін көрсетті.
Кусуда Даизо халықаралық «Гүлдер фестивалі» туралы хабардар екенін, болашақта аталған шараға қатысуға ниетті екенін білдірді. Сондай-ақ, Наманган қаласымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою екі жақты байланысты нығайта түсетінін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар Жапонияның әйгілі сакура ағаштарын Наманганда көбейту жөніндегі бірлескен жобалар бойынша келісімге келді.
Сапар соңында жапон делегациясына фестиваль логотипі бейнеленген естелік сыйлықтар табысталды.