Мысыр телеарнасы Өзбекстанда деректі фильм түсіреді
Мысырдың танымал «MBC Egypt T.V.» телеарнасы Өзбекстанда деректі фильм түсіреді.
Бұл туралы Өзбекстанның Каирдегі елшілігі өкілдермен келіссөздер барысында белгілі болды.
Кездесуде «MBC Egypt T.V.» телеарнасы өкілдері Ислам әлеміндегі әйгілі уағызшылардың бірі мысырлық шейх Абдулбасит Абдулсамадтың өмірі мен қызметін бейнелейтін «Рафик ад-Дарб» деректі фильмін Бұхара және Самарқанд қалаларында түсіруге қызығушылық танытқан.
Фильмнің кейбір эпизодтарын осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында Өзбекстанда түсіру жоспарлануда.
Айта кету керек, шейх Абдулбасит Абдулсамад 1927 жылы Мысырдың оңтүстігінде орналасқан Кена қаласында дүниеге келген. Қасиетті Құранды 6 жасында жатқа білген ол 24 жасында араб-ислам елдерінде радиодан оқу арқылы танымал болған. Өмір жолында ол КСРО, АҚШ, Азия және Таяу Шығыс елдеріне бірнеше рет сапар жасады. Шейх Абдулбасит Абдулсамад – соңғы тарихтағы ең танымал Құран қариларының бірі. Ол 1988 жылы қайтыс болды.
Мысырлық шығармашыл топтың Өзбекстанға сапары аясында Самарқанд пен Бұхарадағы исламдық қасиетті орындар, Ташкент облысындағы табиғаты әсем мекендер және Өзбекстан мемлекетінің тәуелсіздігіне арналған арнайы шоулар түсіріп, сол арқылы туристер ағынын арттыру жоспарлануда. Өзбекстанға араб әлемінен келетін саяхатшылар ағынын осыру және қажылық туризмді танымал ету.