Мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс басталғалы бергі ең төменгі деңгейге түсті
Мұнай бағасы АҚШ пен Израильдің Иранға соққы бере бастағанынан кейінгі алғашқы сауда күнінен бергі ең төменгі деңгейге түсті.
18 маусым күні Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 3,51 пайызға арзандап, бір баррелі 76,76 долларды құрады.
Сарапшылардың пікірінше, бағаның төмендеуіне нарықтың Иран мұнайының әлемдік нарыққа күтілгеннен ертерек оралуы мүмкін деген үміті әсер еткен. IG компаниясының талдаушысы Тони Сикамор Reuters агенттігіне берген сұхбатында осы фактордың бағаға қысым жасап отырғанын айтты.
18 маусымда Иран мен АҚШ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, қақтығысты тоқтатуға бағытталған алдын ала келісімдерді бекітті. Құжат 14 тармақтан тұрады. Онда барлық бағыттардағы әскери іс-қимылдарды дереу тоқтату, Иранға қарсы теңіз қоршауы мен санкцияларды алып тастау, Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын толық қалпына келтіру және Тегеранның ядролық қару жасаудан бас тартуы секілді мәселелер қамтылған.