Әлемдік нарықта мұнай бағасы өсіп жатыр
Әлемдік нарықта Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс пен энергия ресурстарын жеткізуде іркілістер туындауы мүмкін деген қауіпке байланысты мұнай бағасы өсуде.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні мұнай бағасы сәл төмендеген. Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,35 пайызға арзандап, баррелі 115,15 долларды, ал WTI маркалы мұнайдың бағасы 2,04 пайызға төмендеп, 101,16 долларды құраған.
Экономикалық сарапшылардың пікірінше, бағаның төмендеуіне АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс бәсеңдеуі мүмкін деген хабарлар әсер еткен. Алайда Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына жасалып жатқан шабуылдардың жалғасуы нарықтағы белгісіздікті сақтап отыр.