Мэнни Пакьяо IBA вице-президенті болды
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) вице-президенті болып тағайындалды.
Бұл туралы бүгін, 27 қазанда, Филиппинде өткен IBA директорлар кеңесінің отырысында хабарланды.
Айта кетейік, Пакьяо қазіргі таңда 46 жаста. Ол кәсіби бокста 73 кездесу өткізіп, оның 62-сінде жеңіске жеткен (39-ы нокаутпен). 8 жекпе-жекте жеңіліп (соның 3-еуінде нокаутқа түскен), 3 рет тең түскен.