Мемлекет басшысының Хорезмде кәсіпкерлермен кездесуі басталды
Президент Шавкат Мирзиёев Хорезм облысына жасаған сапары аясында кәсіпкерлермен ашық диалог өткізіп жатыр. Биылғы кездесудің ерекшелігі – оған алғаш рет аудандық студиялар арқылы 25 мыңға жуық кәсіпкер қатысып отыр.
Мемлекет басшысы ел экономикасының қуатын нығайтуға белсенді үлес қосып келе жатқан 1 миллион 200 мың кәсіпкерден құралған бизнес қауымдастықты Кәсіпкерлер күнімен құттықтады.
Бес жыл бұрын кәсіпкерлермен ашық диалог өткізу дәстүрі басталғалы бері бизнестің дамуына кедергі болған мыңдаған мәселе өз шешімін тапты. Осы бағытта 84 заң, 861 жарлық пен қаулы қабылданды.
— Не үшін? Кәсіпкерлерімізге жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын көбейту, халқымыздың алысқа бармай-ақ, өз махалласында табыс табуына мүмкіндік беру үшін! — деді Президент.
Өткен кезеңде бизнеске бөлінетін кредиттер портфелі шамамен 3 есе өсіп, 450 триллион сумға жетті. Кәсіпкерлер 650 триллион сум көлемінде салық және кедендік жеңілдіктерді пайдаланды.
Сонымен қатар көптеген кәсіпкерлер өз жобаларын жүзеге асыру үшін шетелдік банктерден дербес түрде 1 миллиард доллар қаржы тартты.
Мемлекет басшысы мұны өзбек кәсіпкерлері бағындырған тағы бір маңызды белес ретінде бағалады.