Махмуд Муродов күтпеген жағдайда UFC-ден шеттетілді
Өзбекстандық аралас жекпе-жек шебері Махмуд Муродов (26-8) орта салмақтағы UFC спортшылары тізімінен шығарылды.
Бұл жағдайға спортшының өзі таңданысын білдірген.
«Бұл жаңалық мені біраз таңқалдырды, менеджерге хабарлама жаздым, не болатынын көрейік... Қолдауларыңызға рахмет. Себебін әлі білмеймін, білгенде хабарлаймын. Әзірге бұл рас, мен енді UFC спортшысы емеспін», - деген Махмуд Муродов.
Айта кетейік, наурыз айында Муродов Instagram желісіндегі парақшасында келесі 4 жекпе-жекке UFC-мен жаңа келісімшартқа отырғанын хабарлаған еді. Алайда жақында инфекцияға байланысты ол Мишель Перейрамен жоспарланған UFC 301 жекпе-жегінен бас тартуға мәжбүр болды.