Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісі аясында Ұлыбританияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тим Торлот пен Корольдік бизнес және сауда департаментінің сарапшыларымен келіссөздер өтті.
Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінде өткен кездесуде ДСҰ-ға мүшелік жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысына дайындық аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат берілді. Барлық ұсынылған құжаттар бойынша британдық сарапшыларды қызықтырған сұрақтарға жауап айтылды. Бұл ретте техникалық көмек жобасы аясында әріптестіктің перспективалық бағыттары да талқыланды.
Кездесу соңында ынтымақтастықты жалғастыру және өзара байланысты жандандыру бойынша нақты шаралар қабылдауға келісілді.