Лионель Месси – 8 дүркін «Алтын доп» иегері атанды
Аргентиналық футболшы Лионель Месси 2023 жылғы «Алтын доп» иегері атанды.
Франция астанасы Париж қаласында өткен салтанатты шарада жасыл алаңнын аладоп шеберлері марапатталды.
Месси өз мансабында 8-ші рет әлемнің үздік ойыншысы атанып, 8-ші рет «Алтын доп» иегері ретінде рекорд орнатты.
Ол бұған дейін 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 жылдары «Алтын доп» иегері болған еді.
- Үздік әйел ойыншы — Айтана Бонмати («Барселона»/Испания)
- Жылдың үздік клубы — «Манчестер Сити» (Англия)
- Жылдың үздік әйелдер командасы – «Барселона» (Испания)
- Маусымның үздік жас ойыншысы — Джуд Беллингем («Реал»/Англия)
- Маусымның үздік қақпашысы — Эмилиано Мартинес («Астон Вилла»/Аргентина)
- Маусымның үздік шабуылшысы — Эрлинг Холланд («Манчестер Сити»/Норвегия)
- Гуманитарлық көмек үшін Сократис сыйлығы — Винисиус Джуниор («Реал»/Бразилия)