Корея телеарнасының шығармашылық ұжымы Өзбекстан туралы деректі фильм түсіруде
2022 жылдың 3 тамызында «EBS1» телеарнасының шығармашылық ұжымы Өзбекстанға келді.
Туризм және мәдени мұра министрлігінің хабарлауынша, бұл сапарды Кореяның «Production Media Gil» продюсерлік компаниясы ӨР Туризм және мәдени мұра министрлігі және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырды. Шығармашылық сапар 16 тамызға дейін жалғаспақ.
Сапардың мақсаты – Өзбекстанның туристік әлеуетін әлеуметтік желілер арқылы көрсету, ұлттық туристік брендті шет елдерде танымал ету және Корея Республикасынан келетін туристер ағынын арттыру.
Сондықтан «EBS1» телеарнасы «Әлем бойынша тақырыптық саяхат» телебағдарламасының «Өзбекстан – тәтті сезімдер өлкесі» атты кезекті бөлімін Өзбекстанда түсіріп жатыр. Бұл нөмірде Өзбекстанның көрнекті жерлері, ұлттық тағамдары, сәулет ескерткіштері, өзбек халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы айтылады. Деректі фильм биылғы жылдың қыркүйек айында көрсетіледі деп жоспарлануда.
EBS1» телеарнасы шығармашылық тобының Қарақалпақстан Республикасына, Самарқанд, Хорезм, Ташкент облыстарына сапары жоспарланған.