Колумбия мен Венесуэла дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтірді
Колумбия мен Венесуэла үш жылдық үзілістен кейін дипломатиялық қатынастарды толығымен қалпына келтірді.
France-Presse агенттігінің хабарлауынша, екі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар үзілген 2019 жылдан бері алғаш рет елшілерімен алмасқан.
Осыған орай Венесуэланың бұрынғы сыртқы істер министрі Феликс Пласенсиа Боливар Республикасының Колумбиядағы елшісі болып тағайындалып, Боготаға барса, Колумбияның Венесуэладағы елшісі Армандо Бенедетти Каракас қаласына келді.
Елшілер алмасуынан кейін, қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үдерісі көлік үшін іс жүзінде жабық болып қалған елдер арасындағы шекараның толық ашылуын қамтиды.
Осылайша, 2019 жылы Богота Венесуэла оппозициясының жетекшісі Хуан Гуайдоны уақытша президент деп таныған кезде үзілген дипломатиялық қарым-қатынас қалпына келтірілді.
Бұдан бөлек ресми Каракас пен Богота әскери қарым-қатынастарды қалпына келтіруге ниетті екенін мәлімдеген.
Колумбияда 19 шілдеде өткен президенттік сайлаудың екінші турының қорытындысы бойынша солшылдардың өкілі Густаво Петро алғаш рет президент болып сайланды. Петро Колумбия президенті қызметіне 7 тамызда кірісті. Сайлау науқаны кезінде ол Венесуэламен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге дайын екенін мәлімдеген болатын.