Жапонияның бұрынғы премьер-министріне Нара қаласында қастандық жасалды
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ Нара қаласында сөз сөйлеп жатқан кезде шабуылға ұшырады.
NHK арнасының хабарлауынша, оған қарсы оқ атылған. Саясаткер ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы ауыр.
Абэ Нара қаласында парламенттің жоғарғы палатасына сайлау науқаны аясында сөз сөйледі. Осы кезде оған екі рет оқ атылды. Осыдан кейін саясаткер есінен танып қалған.
Полиция қастандық жасаған күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол Нара қаласының 41 жастағы тұрғыны болып шықты. Оқиға орнынан оған тиесілі қару табылған.
Полицияның хабарлауынша, Абэнің жүрегі тоқтап қалған болып оған арқадан оқ атылған. Қазіргі кезде бұрынғы премьер-министрдің жағдайы ауыр екені, оның ес-түссіз жатқанын айтылған.
Синдзо Абэ 2006-2007 және 2012-2020 жылдары Жапонияның премьер-министрі қызметін атқарған. 2020 жылы Абэ денсаулығына байланысты қызметінен кету туралы шешімін жариялады.