Жапонияда полигонда танк жарылып, 3 әскери қызметкер қаза тапты
21 сәуір күні Жапонияның оңтүстік-батысындағы қорғаныс күштеріне тиесілі полигонда танк снарядының жарылуы салдарынан 3 әскери қызметкер қаза тауып, тағы бірі жарақат алды.
Kyodo News хабарлауынша, оқиға Оита префектурасы аумағындағы Хидзюдай полигонында оқу-жаттығу кезінде болған.
Мәліметтерге сәйкес, танк снаряды атылар алдында жарылып кеткен. Қаза болғандардың екеуі шамамен 30 жаста, тағы бірі 40 жас шамасында болған. Олар танк командирі, зеңбірекші, қауіпсіздікке жауапты маман және жүргізуші қызметтерін атқарған.
Жапония Қорғаныс министрі Синдзиро Коидзуми Токио қаласындағы парламент ғимаратында журналистерге берген мәлімдемесінде оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқанын айтқан.
«Бұл өте өкінішті жағдай. Біз қауіпсіздік шараларын күшейтеміз», – деген министр.
Жергілікті өрт қауіпсіздігі қызметінің мәліметінше, жарақат алған әскери қызметкер есінен танбаған, алайда оның бет бөлігінде күйік жарақаттары бар.