Жапония жаңа барлау қызметін құрады
Жапония Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің алғашқы барлау қызметін құрады.
The National Interest басылымының хабарлауынша, жаңа құрылым Қытай, Солтүстік Корея және Ресейден туындайтын қауіп-қатердің күшеюі жағдайында елдің тыңшылыққа, кибершабуылдарға және шетелдік ықпалға қарсы қорғанысын нығайтуға бағытталған.
Реформа аясында Ұлттық барлау кеңесі мен Ұлттық барлау бюросы құрылып, олар жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Бұған дейін әртүрлі ведомстволарға бөлінген барлау ақпаратын жинау мен талдау қызметі бір орталыққа біріктіріліп, жаңа құрылымда шамамен 700 маман еңбек етеді.
Басылымның мәліметінше, Ресей барлау қызметінің Жапониядағы белсенділігінің артуы бұл реформаны қолға алуға түрткі болған негізгі себептердің бірі саналады. Жаңа қызмет Батыс елдерінің барлау агенттіктері үлгісінде жұмыс істеп, ішкі саяси бақылаудан гөрі сыртқы барлау мен киберқауіпсіздікке басымдық береді.