Жапония халықаралық қару-жарақ нарығына шығуға жол ашты
Жапония үкіметі қорғаныс экспорт ережелерін түбегейлі өзгертіп, халықаралық қару-жарақ нарығына шығуға жол ашты.
Жаңа қаулыға сәйкес, енді әскери кемелер, зымырандар және басқа да қару-жарақтарды шетелге сатуға қойылған негізгі шектеулер алынып тасталды.
Бұл реформаның басты мақсаты — Жапонияның қорғаныс өнеркәсібін күшейту. Бұған дейін экспорт тек құтқару және бақылау сияқты шектеулі бағыттармен шектелсе, енді әрбір келісім жеке қаралатын болады. Сонымен қатар, үкімет кейбір шектеулерді сақтап қалған, атап айтқанда, қақтығыстарға қатысып жатқан елдерге қару сату тыйым салынады, бірақ қажет жағдайда ерекшеліктер болуы мүмкін.
Токио бұл қадам арқылы тек экспортты арттыруды ғана емес, сонымен бірге ішкі әскери әлеуетті нығайтуды да көздеп отыр. Өндіріс көлемін ұлғайту арқылы шығындарды азайту және дағдарыс кезінде жедел қор қалыптастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Жапония қорғаныс шығындарын арттырып, жаңа буын әскери технологияларды дамытуға да ерекше назар аударып отыр.