Жапония халқының саны рекордтық деңгейде азайды
2025 жылғы ұлттық халық санағының алдын ала қорытындысына сәйкес, Жапония халқының жалпы саны 123,05 миллион адамға дейін төмендеген. Бұл бес жыл бұрын жүргізілген халық санағымен салыстырғанда шамамен 3,09 миллион адамға аз.
Бұл жолғы санақ ел халқы санының азайғанын тіркеген қатарынан үшінші зерттеу болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Жапония халқы 2,5 пайызға қысқарған. Префектуралар деңгейінде тек Токио мен Окинавада ғана халық саны тиісінше 199 мың және 1 мың адамға артқан.
«The Japan Times» басылымының жазуынша, Токио елдегі ең тығыз қоныстанған префектура боп қалып отыр. Қала халқы 14,24 миллион адамды құрайды. Бұл Жапония халқының 11,6 пайызына тең.