Италия президенті Маттарелла парламентті таратып жіберді
Италия президенті Серджо Маттарелла 21 шілде, бейсенбі күні ел парламентін таратып жіберді.
Мұндай шешімге республикадағы саяси жағдай себеп болды, деген ол телеарна эфирінде.
Алдағы уақытта мерзімінен бұрын сайлау 25 қыркүйекте өтеді.
Маттарелла ел парламентін тарату алдында премьер-министр Марио Драгидің отставкасын қабылдаған. Драги праламетте билік коалициясының партияларынан қолдауға ие бола алмай, қызметінен кету туралы екінші өтініш берген болатын.
Мамыр айының ортасында Италияда басқарушы коалициялық партиялар мен министрлер кабинеті арасындағы қайшылықтарға байланысты үкімет дағдарысы күшейе бастады. 14 шілдеде «Бес жұлдыз» қозғалысы үкіметті қолдау үшін дауыс беруде қалыс қалды, бұған дейін инфляция мен энергия бағасының өсуіне байланысты Италия азаматтарына қаржылық көмек көрсетуді мақұлдау үшін дауыс беруден бас тартты. Бұған жауап ретінде премьер-министр оның үкіметін қолдаған ұлттық бірлік коалициясы енді жоқ екенін, сондықтан оның қызметін жалғастыруға жағдай жоқ екенін мәлімдеді.