3 сәуірден бастап Испания үкіметі шетелдіктерге инвестиция есебінен тұруға рұқсат алуға мүмкіндік берген «алтын виза» бағдарламасын ресми түрде тоқтатты.

Бұл бағдарлама аясындағы ең кең тараған нұсқа – 500 мың еуродан астам сомаға жылжымайтын мүлік сатып алу болған, деп мәлімдеді елдің тұрғын үй және қала құрылысы министрі Исабель Родригес.

Министрдің айтуынша, «алтын визаны» беруді тоқтату — қымбатшылықтың салдарынан баспана сатып ала алмай жүрген азаматтарға көмектесу мақсатын көздейді.

«Атқарушы билік қабылдаған бұл шешім Ирландия мен Португалия сияқты өзге елдердің тәжірибесіне ұқсас әрі 2022 жылы Еурокомиссияның инвесторлар үшін азаматтық беру жүйелерін тоқтатуға қатысты берген қатаң ұсыныстарына сәйкес келеді», — делінген хабарламада.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испания шетелдіктерге «алтын виза» беруді тоқтатты