ҰҚШҰ саммитінің қорытындысы бойынша декларация қабылданды
Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер саммитінің қорытындысы бойынша ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға, терроризмге, экстремизмге, есірткі саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастықты кеңейтуге шақыратын декларация қабылданды.
Құжатта киберқауіпсіздік, ғарышта қарулану жарысына жол бермеу және халықаралық қақтығыстарды дипломатиялық жолмен реттеу мәселелері де қарастырылды.
Келесі жылы ұйымға Тәжікстан төрағалық етеді. Президент Эмомали Рахмон Душанбенің өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға және ұйымның түрлі қатерлерге қарсы әрекет ету қабілетін арттыруға басымдық беретінін мәлімдеді. Төрағалықтың ұраны «Ұжымдық қауіпсіздік: шекараларды нығайту, өңірлік тұрақтылық, ортақ жауапкершілік» деп аталады.
Саммит барысында түрлі бағыттар бойынша барлығы 18 құжат мақұлданған.