Испания, Франция, Түркия және Израиль елдері Мароккода болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.

Al Jazeera хабарынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз елі Мароккоға «барлық жағдайда» қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. «Біздің ел осыдан алты ай бұрын осындай апатты бастан өткерді және біз кез келген жолмен көмектесуге дайынбыз», - деген ол.

Испанияның сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес каталондық қоғамдық радиоға берген сұхбатында Мадридтің Мароккодағы операцияларға жедел және құтқару қызметкерлерін, сондай-ақ басқа да көмектерді жіберетінін айтқан.

Франция Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Анн-Клэр Лежандрдің мәлімдеуінше, Франция Мароккоға көмектесуге дайын, бірақ Париж Рабаттың ресми өтінішін күтуде. «Мароккодағы елшілігіміз толықтай дайын, жағдай бағаланып жатыр. Бірақ бұл кезеңде Марокко көмек сұраған жоқ», - деген ол

Сонымен қатар, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мемлекет «Мароккоға барлық мүмкін көмекті, соның ішінде қажет болған жағдайда құтқару миссиясын» көрсететінін айтқан.

Еске сала кетейік, 8 қыркүйек күні Мороккода 6,8 балдық жер сілкінісі болып, оның салдарынан қазірге дейін 2 мыңнан астап адам қаза тапқан.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испания, Франция, Түркия, Израиль жер сілкінісіне байланысты Мароккоға көмектесуге дайын