Иран АҚШ-тың MQ-1 дронын атып түсіргенін мәлімдеді
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазының шығыс бөлігінде АҚШ-қа тиесілі MQ-1 ұшқышсыз ұшағы елдің әуе қорғанысы жүйесі арқылы атып түсірілгенін хабарлады.
Мәлімдемеде соңғы 24 сағатта осындай төрт дрон жойылғаны, ал жалпы саны 20-ға жеткені айтылған. Алайда бұл ақпаратты АҚШ тарапы әзірге растаған жоқ.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Ғарибабади АҚШ-пен арадағы жанама келіссөздер делдал елдер арқылы жалғасып жатқанын мәлімдеді.
– Дипломатияға мүмкіндік әлі де бар. Иранның өз мүддесіне сай, ел үшін қолайлы келісімге қол жеткізуді көздеуі – заңды ұстаным. Тегеран басқа мемлекеттердің мүддесін қанағаттандыру үшін келіссөз жүргізіп отырған жоқ, – деген ол.