Иранда мектептер онлайн форматқа көшірілуде
Иран билігі 21 сәуірден бастап білім беру жүйесін толықтай қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл өзгеріс бастауыш және орта мектептерге қатысты.
Аталған шараның қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз, қосымша нұсқаулар кейінірек жарияланады.
Бұл бастаманың нақты себебі ашық айтылған жоқ. Ресми өкілдердің мәліметінше, шешім елдегі қазіргі жағдайды ескере отырып қабылданған. Қазіргі таңда оқушылар мен мұғалімдерді қашықтан оқыту жүйесіне бейімдеу үшін техникалық дайындық жұмыстары жүргізілуде.