Иран халқы үшін халықаралық интернет қайта қолжетімді болмақ
Иран президенті Масуд Пезешкиан елде халықаралық интернет желісіне қолжетімділікті қайта қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді.
Fars News Agency хабарлауынша, бұл шешім интернетке қолжетімділікті қайта ашуды қолдаған арнайы жұмыс тобының отырысынан кейін қабылданған. Дегенмен шектеулердің нақты қашан толық алынатыны әзірге жарияланған жоқ.
Бұған дейін, мамыр айының ортасында Иран бұқаралық ақпарат құралдары интернетке қойылған шектеулер 5 маусымнан бастап алынуы мүмкін екенін хабарлаған еді.
Еске сала кетейік, Иран билігі 28 ақпанда АҚШ және Израильмен соғыс басталғаннан кейін ғаламдық интернетке қолжетімділікті шектеген болатын. Содан бері елдегі шамамен 90 миллион халық тек мемлекет мақұлдаған сайттарға ғана кіруге мүмкіндік беретін «ұлттық интернет» жүйесін пайдаланып келді.
Мәліметтерге сәйкес, интернет шектеулері әсіресе онлайн саудамен айналысатын тұрғындарға елеулі экономикалық шығын келтірген. Шамамен 1 миллионға жуық азаматтың табысы күрт төмендеген.