Хорезмде өткен дәстүрлі «Қауын фестивалі» Гиннестің рекордтар кітабына енді
ФОТОРЕПОРТАЖ
Хорезмде дәстүрлі халықаралық қауын фестивалі өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған мерекелік шара Хиуа қаласын ұлттық құндылықтар, сан алуан мәдениет, өнер және туристік тартымдылық тоғысқан көрікті мекенге айналдырды.
Осынау фестивалге Хиуа теміржол вокзалынан тікелей «Ичан қамалға» апаратын ашық аспан астындағы туристік аллеяда ертегідегідей шағын қалашық бой көтерді. Фестиваль қарсаңында «Ичан қамал» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері «Хорезм қауындары» атты кітап та жарыққа шығарды.
Фестиваль аясында қауынның 250-ге жуық түрі және олардан дайындалған 200-ден астам өнім көпшілік назарына ұсынылды.
[gallery-30798]
Айтулы фестиваль қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Хорезм облысының Хиуа қаласы фестивальдің бас жүлдесіне ие болып, «BYD SONG» электромобилімен марапатталды. Бірінші орын алған «Янгиариқ» ауданына «Onix», екінші орынға лайық деп танылған Хорезм облысының ауыл шаруашылығы басқармасына «Cobalt» автокөлігі табысталды. Ал үшінші орынға ие болған Үргеніш мемлекеттік университеті мен «UzAuto Motors» АҚ-ның Хорезм облысындағы филиалына «Damas» автокөліктерінің кілті берілді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған халықаралық шара Гиннестің рекордтар кітабына енді. Фестиваль «Әлемде ең көп қауын дәм татқан шара» ретінде тіркелді.
Фестивальдің жабылу кешінде жергілікті және шетелдік танымал өнерпаздардың қатысуымен үлкен гала-концерт ұйымдастырылды.
,
суреттерді түсірген Б.Саидов, ӨзА