Хиуада дәстүрлі «Қауын фестивалі» өтеді
Фоторепортаж
Жыл сайын тамыз айында шығыстың інжу-маржаны көне Хиуа қаласында дәстүрлі халықаралық «Қауын фестивалі» өтеді.
[gallery-24125]
Фестивальдің басты мақсаты – Хорезмнің атақты қауын шаруашылығын кеңінен насихаттау, өңірдің туристік әлеуетін арттыру және шетелдік қонақтардың қызығушылығын ояту. Іс-шара жергілікті агроөнімдерді таныстырып қана қоймай, ұлттық мәдениет пен өнердің көрінісіне айналуда.
Биылғы фестиваль 8–10 тамыз күндері өтеді. Қазіргі таңда бұл беделді халықаралық шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында Хорезм облысында кең көлемді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
суреттерді түсірген Б.Саидов, ӨзА