Гренландияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды
Гренландияда маймыл шешегінің алғашқы екі жағдайы тіркелді.
KNR радиостанциясының хабарлауынша, маймыл шешегін екі адам жұқтырған.
Дания радиосының дерегінше, Гренландияда қазіргі уақытта басқа елді мекендер мен қалаларда маймыл шешегі қаупі жоқ. Ауруды жұқтырғандар аралдың солтүстік-батысындағы америкалық Туле авиабазасының қызметкерлері. Олар өзін-өзі оқшаулаған.
Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының (ECDC) 3 тамыздағы мәліметі бойынша, Еуропада қазірдің өзінде 15,5 мың жұқтыру жағдайы және маймыл шешегінен екі өлім тіркелді. Аурулардың басым көпшілігі 31 мен 40 жас аралығындағылар (41%). 99,1 пайыз жағдайда ер адамдар жұқтырғаны нақтыланған.