Францияда аномальды құрғақшылық: шағын өзендердің 43 пайызы тартылып жатыр
Францияның 96 департаментінің 67-сінде құрғақшылық дағдарысы күрделі деңгейге жеткен.
«Ladepeche» басылымының хабарлауынша, елдің батысындағы Вандея, Шаранта және Шаранта-Маритим, сондай-ақ шығыстағы Кот-д’Ор аймақтарында жағдай өте ауыр.
Мәліметке сәйкес, шағын өзендер мен жылғалардың 43 пайызы қазірдің өзінде толықтай тартылып қалған немесе құрғаудың алдында тұр. Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай.
Мамандардың айтуынша, қалыптасқан жағдайға шілде айындағы әдеттен тыс ыстық ауа райы мен жауын-шашын мөлшерінің 70 пайызға азаюы себеп болған. Синоптиктер кейбір өңірлерде найзағайлы жаңбыр жаууы мүмкін екенін болжағанымен, жалпы алғанда құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады деп отыр.