Франц Беккенбауэр 78 жасында қайтыс болды
«Бавария» клубы және Германия құрамасының аты аңызға айналған ойыншысы Франц Беккенбауэр 78 жасында қайтыс болды.
Бұл туралы оның отбасы хабарлады.
Беккенбауэр 4 рет Германия чемпионы атанса, 3 рет Еуропа чемпиондары кубогының иегері болған. Германия құрамасы сапында 1972 жылы Еуропа чемпионы, 1974 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар ол екі дүркін «Алтын доп» иегері.
Футболшы ретіндегі жетістіктерімен қатар, Беккенбауэр 1990 жылы Германия құрамасының жаттықтырушысы ретінде де әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Сондай-ақ Мюнхен клубының жаттықтырушысы ретінде командасымен Бундеслига мен УЕФА кубогында чемпион болған.