Формула-1: Ұлыбритания Гран-приінде Карлос Сайнс жеңіске жетті
Нортхэмптонширдегі «Сильверстоун» автодромында өткен Формула-1 жарысында «Феррари» командасының пилоты Карлос Сайнс чемпион атанды.
Мәреге «Ред Булл» командасының өкілі Серхио Перес екінші жетсе, «Мерседес» тобының үздігі Льюис Хэмилтон үшінші орынға табан тіреді. Чемпионат көшбасшысы Макс Верстаппен (Ред Булл) Ұлыбритания Гран-приін жетінші орынмен аяқтады.
Жарысты ТОП-10 аяқтағандар:
1. Карлос Сайнс (Феррари)
2. Серхио Перес (Ред Булл)
3. Льюис Хэмилтон (Мерседес)
4. Чарльз Леклер (Феррари)
5. Фернандо Алонсо (Алпине)
6. Ландо Норрис (Макларен)
7. Макс Ферстаппен (Ред Булл)
8. Мик Шумахер (Хаас)
9. Себастьян Феттель (Астон Мартин)
10. Кевин Магнуссен (Хаас)