Формула-1 кезеңі алғаш рет Сауд Арабиясында өтеді
2021 жылы тарихта алғаш рет Сауд Арабиясының Джидда қаласында Формула-1 сайысы өтпек. Турнирдің өтуі түнгі уақытқа жоспарланған.
«Біз Сауд Арабиясын Формула-1 сайысында қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Бұл ел қарқынды түрде әлемдегі спорттық-сауық орталықтарының біріне айналуда. Соңғы жылдары мұнда көптеген ірі шаралар өтті. Біз осында келесі жылы Формула-1 жарысын өткізуге қуаныштымыз. Бұл аймақ біз үшін өте маңызды. Сауд Арабиясы халқының 70 пайызы 30 жасқа толмағанын ескерсек, біз Формула-1-ге жаңа жанкүйерлерді тартудан және бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге тарихы бай мекенде өтетін қызықты жарыстарды көрсетуден қуаныштымыз», - дейді жарыстың атқарушы директоры Чейз Кэри.
2021 жылдың қарашасына жоспарланған Формула-1 кезеңі түнгі уақытта Джидда көшелерінде өтеді.