Финляндияда әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көпірлерінің бірі ашылды
Финляндия астанасы Хельсинки қаласында елдегі ең ұзын әрі ең биік көпір пайдалануға берілді. Алайда бұл көпірмен жеке автокөліктер жүре алмайды — ол тек жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге және қоғамдық көлікке арналған.
Круунувуоренсилта көпірі Коркеасаари аралы мен Круунувуоренранта тұрғын ауданын байланыстырады. Оның ұзындығы 1191 метрді құрайды.
Жаңа көпірдің арқасында Круунувуоренранта ауданынан Хельсинки қаласының орталығына дейінгі қашықтық 11 шақырымнан 5 шақырымға дейін қысқарған.
Хельсинки қаласының мэрі Даниэл Сазоновнің айтуынша, бұл көпір қаланың жаңа әрі бірегей көрікті орнына айналады: «Круунувуоренсилта — Хельсинкидің жаңа, ерекше әрі әсерлі нысаны. Ол жақын және алыс аймақтардан туристерді тартатын орын болады. Бұл көпір қала туралы түсінікті өзгертеді әрі Круунувуоренранта мен Лааясало аудандарын орталықпен жаңа форматта байланыстырады».
Көпірдің ашылуына арналған демалыс күндері 50 мыңнан астам адам келіп, тарихи сәттің куәсі болған.