Германияда жаяу жүргіншілерді қағып кеткен ауған азаматы өмір бойына сотталды
2025 жылғы 13 ақпанда 25 жастағы ауған азаматы Фархад Нури өзінің «Mini Cooper» көлігімен Германияның Мюнхен қаласының орталығында өткен «Verdi» кәсіподағының шеруіне қатысушыларды жоғары жылдамдықпен қағып кеткен. Салдарынан 37 жастағы әйел мен оның екі жасар қызы қаза тапқан. 6 тамызда сот ер адамды адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу баптары бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Bild басылымының хабарлауынша, Мюнхеннің Жоғарғы соты айыпталушының қылмысын «аса ауыр» деп бағалады. Бұл шешім оның 15 жыл өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігін айтарлықтай шектейді. Сонымен қатар сот Нуриді екі адамды өлтіргені және 23 адамды өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп тапты.
2016 жылы Германияға келген Фархад Нуридің ісін Федералдық прокуратура жан-жақты зерттеген. Тергеу мәліметіне сәйкес, шабуылға діни және саяси себептермен қатар, жалғыздық сезімі мен психологиялық күйзеліс те әсер еткен. Сондай-ақ сот барысында айыпталушының жасаған ісіне ешқандай өкініш білдірмегені айтылды.
Жол апатынан қаза тапқан екі адамнан бөлек, оқиға кезінде тағы 40 адам түрлі деңгейде жарақат алған.