ФИФА футболда жаңа ережені сынақтан өткізбекші
Халықаралық футбол федерациясы матчтың негізгі уақытына қатысты жаңа ережені сынақтан өткізбекші.
Corriere dello Sport басылымының дерегінше, ФИФА футбол кездесуінің негізгі уақытын ұзартуды қарастыруда.
Ол үшін ФИФА бірінші және екінші бөлімдерге қосылатын минуттарды ұзартпақшы. Өйткені кейбір жағдайларда ойын уақыты қосылған минуттар есебінен 100 минуттан асып кетеді.
Жаңа ережені алғаш рет 2022 жылғы Қатарда өтетін Әлем чемпионатында сыналуы мүмкін. Алайда бұл үшін Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (IFAB) рұқсаты қажет.