Этноспорт түрлері бойынша жарыстар өтеді
Өзбекстанда этноспорт түрлері бойынша жарыстар өтеді.
Мемлекет басшысының «Этноспортты насихаттау және дамыту шаралары туралы» Жарлығы қабылданды.
Қаулыда этноспортты насихаттау мен дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы мен оны жүзеге асырудың 2022-2023 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілгені болып, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап этноспорттан жарыстар жыл сайын өткізілетін болады.
2023 жылдан бастап дәстүрлі түрде:
- Ташкентте жыл сайын бір рет этноспорт түрлері бойынша Uzbekistan Ethno Games республика фестивалі;
- Хиуа қаласында әр екі жылда бір рет Халыаралық этноспорт фестивалі ұйымдастырылады.
Сонымен қатар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра мәртебесін беруі мүмкін этноспорт түрлерінің тізімі қалыптастырылады.
2023 жылдың 1 қаңтарына дейін әр облыста ат спортына қатысты жабдықтарын сатуды жолға қою мақсатында дүкендер ашылады.