Біржола кәсіпқойлыққа ауысқан өзбекстандық былғары қолғап шебері Елнұр Абдураимов (8-0, 7 КО) алғашқы титулы IBF North American белбеуін жеңіп алды.
АҚШ-тың Калифорния штатында ұйымдастырылған Golden Boy Fight Night кәсіпқой бокс кешінде Елнұр мексикалық Леонел Мореноны (11-3-1,9 КО) алғашқы рауындың өзінде накаутқа жіберді.
Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында хабарлап, қолдау көрсеткен баршаға алғысын білдірген.
10 раундқа созылған жекпе-жек 1 раундтың өзінде аяқталды. Елнұр жекпе-жектің алғашқы минутының соңында сол қолымен күшті соққы жасап, қарсыласын нокдаунға түсірді. Морено бұл соққыдан кейін жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша Елнұр 10-шы жекпе-жегінде жеңіспен аяқтап, кәсіпқой бокстағы алғашқы IBF North American белбеуін иеленді.