China Eastern әуе компаниясы Өзбекстанға тұрақты рейстерді бастады
Қытайдың China Eastern Airlines әуе компаниясы алғаш рет Өзбекстан нарығына кіріп, Сиань – Ташкент – Сиань бағытында тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосты.
16 шілде күні сағат 14:50-де компанияның алғашқы рейсі Ташкент халықаралық әуежайына қонды.
Бұл бағытта әуе компаниясы аптасына үш рет дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері Airbus A320 ұшағымен рейстерді орындайды.
Бүгінде Өзбекстан мен Қытай арасында аптасына 46 тұрақты әуе рейсі орындалады. Тамыз айының соңына дейін тағы 11 рейс қосылып, жыл соңына қарай апталық рейстер саны 60-қа жеткізілуі жоспарланған.