ӘЧ-2026 іріктеу турнирі: Өзбекстан Иранмен тең түсті
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Өзбекстан құрамасы Иран құрамасымен кездесті.
Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионында 33 800 жанкүйер жиналған тартысты кездесуде гол соғылмады.
«А» тобы көшбасшыларының кездесуінде 57-минуттан бастап Иран құрамасы алаңда 10 ойыншымен қалды, бірақ өзбекстандық футболшылар бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Керісінше, 90+2-минутта Рустам Ашурматовтың допты қолмен ойнағаны үшін Иран құрамасының пайдасына белгіленген пенальтиді бас төреші VAR арқылы тексергеннен кейін жоққа шығарды.
Осылайша Өзбекстан 7 ұпай жинап, Иранмен бірге топта көш бастап келеді.

ӨзА