«CAFA Nations Cup – 2025» турнирі Өзбекстан мен Тәжікстанда өтеді
Биыл 29 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында футболдан «CAFA Nations Cup – 2025» турнирі Өзбекстан мен Тәжікстанда ұйымдастырылады.
Беделді жарысқа Өзбекстан, Иран, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Оман және Малайзия ұлттық құрамалары қатысады. Турнирдің жеребе тарту рәсімі 3 шілде күні Душанбе қаласында өтеді.

Жарыс екі топқа бөлініп ұйымдастырылады:
- «А» тобының ойындарына Өзбекстан иелік етеді,
- «B» тобының кездесулері Тәжікстанда өтеді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, турнир финалы Өзбекстанда өтуі мүмкін.