Бұхарадағы 16 ғасырда іргесі қаланған Абдуллахан медресесі қабырғасының бір бөлігі 30 шілдеге қараған түні құлап түті.

Бұқара облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған көпжылдық техногендік процестер (ыстық және суық климат, жауын-шашын мен жер асты суларының көтерілуі) себеп болған.

Осы жағдайға орай Мәдени мұра агенттігінің облыстық департаменті, Бұхара қаласы әкімшілігі, реставраторлар мен мамандардан тұратын жұмыс тобы құрылып, жергілікті жерде зерттеу жүргізілген. Зеріттеуге негізінде Абдуллахан медресесінің артқы қабырғасының құлаған бөлігін белгіленген тәртіпте қалпына келтіру және қажетті жұмыстарды ұйымдастыру істері басталды.

Бұл ретте ғалымдар, реставраторлар мен білікті мамандар Бұхарадағы техногендік процестердің әсерінен эрозияға және құлауға бейім 40 мәдени мұра объектілерінің құндылықтарының сақталуын зерттеп, қорытынды бойынша Үкіметке нақты ұсыныстар жіберілді, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы жағдай бойынша прокуратура тергеу жұмыстарын бастаған.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұхарадағы XVI ғасырда құрылған Абдуллахан медресесінің қабырғасы құлап түсті