Бұхарадағы XVI ғасырда іргесі қаланған «Талипоч бекініс қақпасының» құлаған қабырғасын жөндеуге 1 миллиард сум мөлшерінде қаржы бөлінді.
Облыстық мәдени мұра басқармасының хабарлауынша, Туризм және мәдени мұра министрлігі қамал қақпасын жөндеуге 1 миллиард сум бөлген.
Нысанды қалпына келтіруді Мәдени мұраны қалпына келтіру дирекциясы жүзеге асырады. Қазір нысанда жауапты қызметкерлер мен мамандар жоба алды жұмыстарын жүргізуде.
Еске салар болсақ, бекініс 11 наурыз күні апта бойы жауған нөсер жауын салдарынан құлағаны айтылған еді.