Бразилия футзалдан әлем чемпионы атанды
Өзбекстанда футзалдан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Ташкент қаласындағы «Хумо арена» спорт кешенінде өткен чемпионаттың финалынды Бразилия мен Аргентина құрамалары бақ сынады. Тартысты кездесуде Бразилия құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында голдарды Феррао, Рафа Сантос және Матиас Роса соқты.
Осылайша, Бразилия құрамасы футзалдан 6 дүркін әлем чемпионы атанды. Финалға дейін сәтті өнер көрсеткен Аргентина құрамасы әлем біріншілігінде екінші орын алды, ал үшінші орынды Украина құрамасы иеленді.
[gallery-19621]