Каталондық сот Испанияның «Барселона» футбол клубын пара алды және жемқорлық жасады деп айыптады. «Барселона» төрешілер техникалық комитетінің бұрынғы басшысы Энрикес Негрейраға ұзақ жылдар бойы «кеңес бергені» үшін жалпы сомасы 7,5 миллион еуро төлеген.

AS басылымының хабарлауынша, УЕФА «Негрейра ісі» туралы жаңалықты назарға алып, «Барселонаны» еурокубоктардан шеттету мәселесін талқылауға кіріскен. Дереккөз УЕФА үкім шығарар алдында ресми тергеудің аяқталуын күткенді жөн көретінін айтты. Алайда, этика инспекторлары клубқа тағылған айыптар жеткілікті түрде ақталған және кінәсі іс жүзінде дәлелденген деп есептесе, клуб еурокубоктардан шеттетіледі.

Үкім шығарардан бір күн бұрын Ла Лига президенті Хавиер Тебас «Барселонаның» Негрейра ісі бойынша кінәсі дәлелденсе, клуб Испания чемпионатының жоғарғы дивизионынан шығарылуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Барселона» клубы еурокубоктан шеттетілуі мүмкін