Ауғанстан мен Пәкістан аймақтық тұрақтылық бойынша келісімге келді
Ауғанстан мен Пәкістан Қытайдың Үрімші қаласында өткен үшжақты келіссөздер қорытындысында аймақтағы шиеленісті жұмсарту жөнінде маңызды келісімге қол жеткізді.
Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Ниннің айтуынша, тараптар барлық келіспеушіліктерді тек диалог пен дипломатия арқылы шешуге уағдаласты.
1–7 сәуір күндері өткен келіссөздерге үш елдің дипломатиялық корпусы, қорғаныс және қауіпсіздік құрылымдарының делегациялары қатысты. Бейресми кездесулер барысында тараптар өңірлік тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған мәселелерді жан-жақты қарастырды.
Келіссөздер барысында Ауғанстан мен Пәкістан жағдайды ушықтыруы мүмкін біржақты әрекеттерден бас тартуға уәде беріп, туындаған дауларды шешуде тікелей консультациялар мен дипломатиялық байланыстарды ең тиімді жол ретінде мойындады.
Мао Ниннің айтуынша, ресми Бейжің келіссөз алаңын ұсынумен қатар, аймақтық қауіпсіздік пен практикалық ынтымақтастықты нығайтуда қол ұшын беруге әрқашан дайын.